Иранбек ағаға

Абай хакiм тұрғанда мен хакiм емеспiн,
Иранбектер тұрғанда мен ақын емеспiн.
Сөз құрайтын көп қазақың бiрiмiн.
Iрi болсам,
бәлкiм,
жай қазақтан iрiмiн.
Көп қазақтың бiрiмiн сөз саптаған,
Ғылымда намыс бермей, сөз батпаған.
Түйекеш болған екен ата-анамыз,
Фарабиге ынтық қылған ата-намыс.
Үзiлiс ұзақ неге соншалықты?
Ғылым қумай не бiтiрген сонша мықты?
Ұқсамаққа ұмтылып бiр қалайық,
Бола алмасақ кiнә қоймас бұл халайық.
Абайдың iнiсi ғой Иран-Ғайып,
Бостан-бос теңеу iздеп қиналмайық.
Фарабиге жетемiз бе, жетпеймiз бе,
Иранбектiң iнiсi боп бiз қалайық.
                        А. Жұмадiлдаев, 28 aқпан 2006.